Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев елордада өткен брифингте айтты.
Оның сөзінше, жыл басынан бері облыс экономикасына 180,5 млрд теңге тартылды, бұл өткен жылғы деңгейден 19% жоғары.
"Оның ішінде, жеке инвестиция үлесі - 90%", - деді өңір әкімі.
Бұл ретте ол сыртқы шетелдік инвестиялар көлеміне тоқталды.
"Көрсеткіш былтырғы деңгейден 1,5 есе жоғары. Оның жалпы сомасы 22,5 млрд теңгені құрады. Ал жыл басынан бері жеке меншік инвестиция есебінен 28,6 млрд теңгеге 16 жоба жүзеге асырылды, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, 2023 жылы Ақмола облысында 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған", - деді Ермек Маржықпаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу