Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 376 адам із-түзсіз жоғалған

99

Олардың 161-і – кәмелетке толмаған балалар.  

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 376 адам із-түзсіз жоғалған Фото: polisia.kz

Полиция департаментінің мәліметінше, жоғалған азаматтардың басым бөлігі табылып, отбасыларына қайтарылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дегенмен қазіргі уақытта іздеуде жүрген бір жағдай бар – 10 жастағы бала әлі табылған жоқ.

Көпшілік арасында "адам жоғалса, үш тәулік күту керек" деген түсінік бар. Алайда тәртіп сақшылары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Полицейлердің айтуынша, мұндай жағдайда уақыт созбай, бірден полицияға арыз түсіру қажет. Ерте хабарлау іздестіру жұмыстарының нәтижелілігін арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу