Жыл басынан бері Алматыда 54 балабақша ашылды

513

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, бүгінде мектепке дейінгі тәрбиемен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 71,8%, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92% қамтылған. Бұл туралы ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл басынан бері Алматыда 54 балабақша ашылды

Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, бүгінде Алматы аумағында 866 балабақша жұмыс істейді, оның 193-і  мемлекеттік балабақша.

"Біз балабақшаларға кезекті төмендету бойынша шаралар кешенін қабылдап жатырмыз. Мысалы, бірінші жартыжылдықта Алматыда 3316 орынды 54 жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам орынды тағы 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу және 280 орынды мемлекеттік балабақшаны іске қосу жоспарланған", - деді Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен қатар, биылғы жылы жеке меншік балабақшаларда 5227 орынды мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізілді. Барлығы 35 698 орынды мемлекеттік тапсырыс 573 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу