Жыл басынан бері Алматыда 70 мыңға жуық шетел азаматы ЖСН алған

377

Мегаполистің ХҚКО-ларында 1,5 млн-нан астам қызмет көрсетілді.

Жыл басынан бері Алматыда 70 мыңға жуық шетел азаматы ЖСН алған Фото: Риа Новости

Алматы ХҚКО-ларының жарты жылдағы жұмысы қорытындыланды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қалалық филиалы директорының орынбасары Айнаш Әубәкірова азаматтар арасындағы ең танымал қызмет түрлерін атады.

"Ең танымалы – көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу қызметі (512851). Одан кейінгі орындарда ҰКО тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу бойынша 261307 қызмет, азаматтарды құжаттандыру – 227178, жүргізуші куәлігін беру – 159516, республикада уақытша жүрген тұлғаларға ЖСН қалыптастыру – 69790 қызмет", - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу