Жыл басынан бері Алматыға 82 мыңға жуық шетелдік келген

647

Олардың 1 мың 477-і көші-қон заңнамасын бұзған. 

Жыл басынан бері Алматыға 82 мыңға жуық шетелдік келген Фото: almaty.tv

Алматы қаласының Көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, шаһарға биылғы жылдың 11 айында 81 мың 952 шетелдік азамат келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,7%-ға төмен. 

"Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 мың 310 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 1 мың 477-і шетел азаматы. Аталған кезеңде басқа мемлекеттердің 238 азаматы елден шығарылды. Биыл шетелдіктер жасаған 274 қылмыс тіркелді, оның ішінде қылмыстардың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған. Жалпы қалада көші-қон бойынша ахуал тұрақты",– деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу