Жыл басынан бері қалада 400-ден астам есірткі қылмысы тіркелді. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2024 жылдың 11 айында Астанада 407 есірткі қылмысы тіркелген, соның ішінде 285 өткізу фактісі, сондай-ақ есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты 621 есірткі құқық бұзушылық.
Заңсыз айналымнан 339 келі есірткі заттары, соның ішінде 20,8 келі "синтетика" тәркіленді.
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған республикалық кешенді жоспары және мемлекеттік органдар мен жұртшылық барынша тартылған "Астана – есірткісіз қала 2023-2025 жылдарға арналған" бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында уәкілетті органдармен нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шара жүргізілуде", – деді спикер.
Мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп құқық қорғау органдары 496 алдын алу іс-шараларын, соның ішінде акциялар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық турнирлер, конкурстар өткізді.