Жыл басынан бері "Атамекен" ҰКП қолдауымен 495 ШОБ ашылды

Нәтижесінде 831 жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан бері "Атамекен" ҰКП қолдауымен 495 ШОБ ашылды Фото: inbusiness.kz

"Атамекен" ҰКП қолдауымен 2023 жылдың басынан бері 495 ШОБ ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің директоры – басқарушы директор Айдана Тоғызбаева айтты.

"Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында үш бағыт бойынша оператор болып табылады. Біріншісі – кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халыққа ақпараттық-кеңес беру қызметі. Екіншісі – кәсіпкердің кәсіпкерлік әлеуетін дамыту. Үшіншісі – бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету", - деді Айдана Тоғызбаева.

Оның айтуынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында палатаның қолдауымен 495 ШОБ субъектісі ашылды, ШОБ субъектілеріне 64 рұқсат алынды, жалпы қаржыландыру бойынша 11,3 млрд теңгені құрайтын 674 жоба қолдау тапты. Жобалар 831 жұмыс орнын құрды. Жеңіске жеткен тендерлердің жалпы сомасы 355,7 млн теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу