Жыл басынан бері Атырау облысында сыбайлас жемқорлық дерегімен 26 адам сотталған

498

Сотты болғандардың үшеуі бірінші басшы болған.  

Жыл басынан бері Атырау облысында сыбайлас жемқорлық дерегімен 26 адам сотталған Фото: strategy2050.kz

Өңірде 11 айда сыбайлас жемқорлық дерегімен 26 адам сотталған, деп жазады inbusiness.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Ерлан Досановтың мәліметінше, сыбайлас жемқорлық қылмысының дені құрылыс саласында жиі тіркеліп отыр.

"Бірінші басшыдан бағынышты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін дерес жауапкершілік сұралады. Сол себептен, сыбайлас жемқорлық қылмысын болдырмау үшін арнайы карта енгізілді. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде 417 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру қаупінің алдын алып отырмыз. Департамент қызметкерлері тауарларға, көрсетілетін қызметтерге бағаны қолдан көтеру дерегіне қатысты мемлекеттік сатып алу конкурстарына жүргізген мониторингтің нәтижесімен 4 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Биыл 11 айда сыбайлас жемқорлық дерегімен 26 адам сотталды. Оның ішінде бірінші басшы лауазымын атқарған 3 адам бар", - деді Ерлан Досанов.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар басшыларының тарапынан тиісті бақылау жасалмайды. Бұл әлеуметтік нысандар мен жол құрылысын мерзімінде тапсырмауға әкеліп соқтырады. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында формальды тәсілдер қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу