Жыл басталғалы ауа температурасының күрт жылынуынан 46 елді мекенді су басты

24 автомобиль жолдары учаскесі су астында қалды.  

Жыл басталғалы ауа температурасының күрт жылынуынан 46 елді мекенді су басты Фото: inform.kz

Бұл туралы Сенат қабырғасында айтылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 2023 жылдың басынан бері қатты жауын-шашын мен ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Түркістан – 21, Жамбыл – 20, Алматы – 4, Шымкент - 1, жалпы саны 46 елді мекенде 1 тұрғын үй мен 317 аула аумағы зардап шекті.

24 автомобиль жолдары учаскесі су астында қалды (Түркістан – 23, Ақтөбе-1).

ТЖМ және ЖАО күштерімен 317 аула аумағынан су сору (21 000 м3 астам су сорылды), құм салынған қаптарды төсеу және су бұру каналдарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД мен ЖАО 685 адам, 114 бірлік техника мен 69 мотопомпалар, сондай-ақ 1 жүзу құралы санындағы күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта су тасқыны жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу