Жыл басынан бері әуе тасымалы жолаушылары 7,7 пайызға қысқарған

1187

Қазақстанда әуе билеті қымбаттап, әуе көлігі жолаушыларының қатары азайды.

Жыл басынан бері әуе тасымалы жолаушылары 7,7 пайызға қысқарған

2019 жылдың қаңтар-сәуірі аралығында тасымалданған әуе жолаушыларының саны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 7,7%-ға қысқарып, 2,2 миллион адамды құрады. Дей тұрғанмен, әуе жолаушыларын тасымалдаудан кіріс бір жылда 17,8%-ға, 102 млрд теңгеге артты.

Қазақстанда әуе билеті қымбаттап, әуе көлігі жолаушыларының қатары азайды. Бұл туралы сарапшылар ranking.kz сайтында мәлімдеді.

Бір айта кетерлігі, жолаушылар азайған кезде әуе тасымалынан түсетін табыс авиабилетті қымбаттату арқылы қамтамасыз етілген. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында әуе билеті былтырғы сондай кезеңмен салыстырғанда бірден 17,1%-ға қымбаттаған. Бағаның өсуі Маңғыстау (бірден 44,9%-ға), Жамбыл (37,2%-ға) және Атырау (25,3%-ға) облыстарында тіркеліп отыр. Солтүстік Қазақстан облысында әуе билетінің бағасы 7,9%-ға төмендесе, Ақмола және Алматы облыстарындағы баға өзгеріссіз қалған.

Айта кету керек, 2019 жылдың 1 мамырында Air Astana ұлттық әуетасымалдаушысы Қазақстандағы тұңғыш лоукостер – FlyArystan компаниясын іске қосты. Бюджет компаниясы жылдың соңына дейін 1 миллион жолаушы тасымалдағалы отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу