Түрлі жағдайларға тап болған оқушылар "Bala Qorgau" ақпарат тақтайшаларындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мұндай тақтайшалар еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған. Веб- сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдына ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдауға болады. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.
"Биыл жыл басынан бастап сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген. Олар ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, бала махаббат, достарының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы туралы мәселелермен хабарласқан. Біз әр сұраққа уақытылы жауап береміз, ал өңірлердегі мектеп оқушыларынан келген сұрақ болса облыстағы мамандар жауап беріп, байланыс жасайды",- дейді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма сарапшысы Эльмира Кадимова.