Жыл басынан бері банктердің активтері 8,6%-ға артты

298

Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар. 

Жыл басынан бері банктердің активтері 8,6%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте банк секторын дамыту нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

“Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша, банктердің активтері 8,6%-ға ұлғайып, 48,4 трлн теңгені құрады. Банк жүйесіндегі клиенттердің салымдары 4,8%-ға өсіп, 33,1 трлн теңгені құрады. Халық пен бизнестің депозиттерінің тұрақты өсуін атап өткен жөн. Олар 5 жыл ішінде 2 есе өсті. Жыл басынан бастап ұлғаю 4,8%-ды құрайды, бұл банк жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін растап отыр”, - деді спикер.  

Олжас Қизатовтың дерегінше, депозиттік базаны долларландыру деңгейі жыл басынан бері 36,7%-дан 29,5%-ға дейін төмендеді.

Бұдан бөлек, банк секторының тәуекелдерді өтеу үшін жеткілікті капитал қоры бар, деп жалғастырды ол.

“Банк секторының меншікті капиталы 6,4 трлн теңгені құрды, ол бөлінбеген пайданы ұлғайту есебінен жыл басынан бері 22,7%-ға ұлғайды. Осы жылғы 10 айда банктер 1,8 трлн теңге мөлшерінде пайда алды. Бұл 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 53,7%-ға көп. Ол көп жағдайда банктердің пайыздық кірістерінің ұлғаюына байланысты болды”, - деді Олжас Қизатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу