Жыл басынан бері баспана бағасы 6,2%-ға қымбаттады

794

Орта есеппен республика бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 292 мың 886 теңгені құрайды.  

Жыл басынан бері  баспана бағасы 6,2%-ға қымбаттады

Елімізде қараша айында жаңа пәтер бағасы қазан айымен салыстырғанда 1%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, қараша айында қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 0,4%-ға, жыл басынан бері 5,8%-ға өскен. Ал пәтерлерді жалға беру құны 0,7%-ға жоғарылаған (жыл басынан бері 6,7%).

Орта есеппен республика бойынша тұрғын үй шаршы метрінің бағасы 292 мың 886 теңгені құрады. Қайталама нарықтағы орташа баға 199 мың 524 теңгеге тұрақтады. Ал пәтерлерді жалға алу шаршы метріне 1494 теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу