Жыл басынан бері БҚО-да 221 шетелдік елден шығарылды

566

Сот шешімін орындау үшін шетелдіктерге 10 күн беріледі.  

Жыл басынан бері БҚО-да 221 шетелдік елден шығарылды Фото: polisia.kz

БҚО ПД Көші-қон қызметінің мәліметінше, биыл 11 айда сот шешімімен елден 221 шетелдік азамат шығарылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сот шешімін орындау үшін шетелдіктерге 10 күн уақыт мерзім беріледі. Алайда осы уақыт ішінде Тәжікстанның 5 азаматы мен Өзбекстанның 3 азаматы ел аумағынан өз бетінше кетпеген және сот шешімін орындаудан бас тартып, жасырынған. Қазақстан аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау үшін БҚО ПД қызметкерлері 8 шетелдік азаматты мемлекеттік шекараға дейін алып жүруді ұйымдастырды.

Сондай-ақ облыс аумағында Өзбекстан Республикасының 2 азаматы жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүрген. Олар өз елдеріне материалдық жағдайға байланысты қайта алмаған. Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының Үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісім бойынша көші-қон қызметі бұл азаматтарды Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы консулдығына алып барды. Онда Отанына қайту үшін құжат рәсімделді. Одан кейін арнайы өкілдер ҚР мемлекеттік шекарасына дейін еріп жүрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу