Жыл басынан бері БЖЗҚ активтері 1,0 трлн теңгеге өсті

Зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 7,5%-ға жетті. 

Жыл басынан бері БЖЗҚ активтері 1,0 трлн теңгеге өсті

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 1,0 трлн теңгеге немесе 8,0%-ға ұлғайып, биылғы қыркүйек айының соңында 14,1 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 742,0 млрд теңгені, зейнетақы жарналары – 1 трлн 238 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері – 197,4 млрд теңгені, мерзімінен бұрын алу сомасы – 858,5 млрд теңгені құрады", – деді бас банк басшысы.

Осылайша, зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 7,5%-ды құрады.

"Бұл ретте, зейнетақы активтерінің 5 жыл ішінде жинақталған кірістілігі жинақталған инфляция 53,7% болған кезде 55,8%-ды құрады", – деді Пірматов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу