Жыл басынан бері БЖЗҚ инвестициялық кірісінің көлемі теріс мәнмен 154,1 млрд теңгені құрады

627

Қаңтар-мамыр айларында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық кірісінің көлемі "минус" 154,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов. 

Жыл басынан бері БЖЗҚ инвестициялық кірісінің көлемі теріс мәнмен 154,1 млрд теңгені құрады

"Салымшыларға теріс инвестициялық кірістің жиналуының негізгі себебі қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты қаржы құралдарының көпшілігінің нарықтық құнының төмендеуі, сондай-ақ теңгенің 5 ай ішінде нығаюы болды", - деді Пірматов үкімет отырысында.  

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есепті кезеңде 12,7 трлн теңгені, зейнетақы жарналарының көлемі 662,5 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері 106,8 млрд теңгені құрады.

"Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,1 пайызды құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы тұрғысынан ұзақ уақыт бойы табыстылық пен инфляция көрсеткіштерін қарастырған жөн", - деді ведомство басшысы.  

"БЖЗҚ" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруында. "БЖЗҚ" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу