Жыл басынан бері дәрігерлердің үстінен 800 шағым түскен

759

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емделушілердің құқығын қорғамақшы.

Жыл басынан бері дәрігерлердің үстінен 800 шағым түскен

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын бастағанымен, тұрғындар көрсетіліп жатқан қызметтің сапасына қанағаттанбай отыр. Бір айдың ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының контакт орталығына 800 шағым түскен.

"2020 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емделушілердің құқығын қорғауды өз мойнына алады деп айтқан болатынбыз. Қазір қор қызметкерлері көрсетілген медициналық қызметтің сапасына мониторинг жүргізе бастады. Осыған байланысты "1406" бірыңғай контакт орталығын құрған болатынбыз. Бұл орталық "24/7" режимінде жұмыс істейді. Түскен шағымдар үш деңгейлі өңдеуден өтеді. Шағымдардың 85%-ы  кеңес алу түрінде болады. Ал екінші және үшінші деңгейде шағым түскен медициналық мекеменің әрқайсымен жеке жұмыс жасаймыз. Қаңтар айында 800-ге жуық шағым түсті. Барлық шағым бойынша тиісті жұмыс жүргізілді. Шағымдардың көбі медициналық ұйымдар мен қызметкерлердің науқасқа деген қарым-қатынасына қатысты. Компьютерлік томография мен стамотологиялық қызметке қолы жетпегенін айтушылар да көп. Әр шағым бойынша емделушілердің құқығын қорғауға дайынбыз. Ол үшін әлеуметтік желідегі аккаунттарымыз арқылы да жүгінуге болады. Сондайқа-ақ "Қолдау 24/7" жүктемесі арқылы шағым түсіре алады", – деді қордың басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу