Жыл басынан бері ел аумағында 3,5 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

125

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Жыл басынан бері ел аумағында 3,5 тоннаға жуық есірткі тәркіленді Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"4 айда 3 мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 828 сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 3,5 тонна есірткі тәркіленді: 259 келі синтетика, 2 тоннаға жуық марихуана, 303 келі гашиш. 83 есірткі зертханасы жойылды. 6 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Заңсыз контенті бар 11 мыңнан астам сайт, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 мың банк картасы мен шот бұғатталды. 1783 адам ұсталды, оның 669-ы қамауға алынды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Спикердің сөзінше, сәуір айында бірқатар сәтті операция жүргізілді. Қосшы қаласында Ақмола облысының тумасы ұсталды.

Оның автокөлігінен 6,5 келі a-рvр синтетикалық есірткісі тәркіленді. Одан кейін жүргізілген іс-шаралар барысында басқа да күдіктілер – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ұсталды. Олардан тағы 1 келі синтетика тәркіленді.

Астана қаласында Ақтөбе тұрғыны ұсталды. Одан 2,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

"Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді Данияр Мейірхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу