2022 жылдың сәйкес кезеңінде 60,4 тонна импортталған, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.
DataHub жазуынша, 2021 жылы тиісті кезеңде импорт болмаған. 2020 жылы жүздеген тоннаға жетті.
“Биылғы жағдайға оралар болсақ, бензин жеткізілімі жаздан бастап жандана бастады. Шілде-тамыз айларында биылғы жалпы көлемнің 65%-ы тиесілі болды. Бұл кезде билік Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарының және Атырау МӨЗ-індегі апатқа байланысты тапшылық туралы айтты. Кейіннен Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан АИ-95-ті “бір реттік акция” ретінде әкелуге ниетті екенін жеткізді”, - делінген хабарламада.
Қыркүйек аяғында Атырау зауытындағы күрделі жөндеуден кейін сатып алу көлемі одан әрі артуы мүмкін екені айтылды.
“Бұл индикативті балансты Ресей Федерациясындағы сатып алудың ықтимал көлемін қазіргі 40 мың тоннадан 110 мың тоннаға дейін арттыру туралы болуы мүмкін”, - деп жазады DataHub.