Былтыр 111 дала өрті тіркеліп, қызыл жалын 55 мың гектарды шарпыды. Салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, 500-ге жуық бас мал өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.
"Биыл өрт қауіпті кезең басталғаннан бері екі дала өрті тіркелді, олардың ауданы – 780 гектар. Бұдан басқа тағы 605 дала өрті тіркелді, олардың жалпы ауданы 2 503 гектарды құрады. Өңірлердегі температуралық фонның ұлғаюы, екпінді жел салдарынан өрттің тез дамуы тұрғын үй секторында өрт жағдайын нашарлататынын айта кету керек", - деді ведомство өкілі Үкімет отырысында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу