Жыл басынан бері елімізде 19,5 тонна есірткі тәркіленген

1138

Бұдан бөлек бес ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. 

Жыл басынан бері елімізде 19,5 тонна есірткі тәркіленген

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті  басшысы Тілеген Маткеновтің хабарлауынша, жыл басынан бері 19,5 тонна есірткі тәркіленген. Оның ішінде 19 келі героин, 370 келі наша және 9 келі синтетикалық есірткі. 

"Елімізде бес ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұлардың басшылары және құрамында болған 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды",– деді Тілеген Маткенов. 

Жалпы биылғы жылдың алғашқы он айында 1878 есірткі қылмысы тіркеліп, 1118 наша сату фактісі анықталған. Бұдан бөлек ірі көлемде есірткі сақтау фактісі бойынша 323 қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу