Тоғыз айда 32 мыңға жуық телефон ұрлығы тіркелген

1524

Тоғыз айда 32 мыңға жуық телефон ұрлығы тіркелген

Жыл басынан бері елімізде 2,8 млрд теңгенің ұялы телефондары ұрланған, деп хабарлайды "НОМАД Иншуранс".

2018 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 31 111 ұялы телефон ұрлау оқиғасы тіркелді. ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бұған дәлел.

Елдегі барлық ұрлықтың 23%-ы телефон ұрлауға қатысты.

Ең көп ұрлық Алматы (7 412), Астана (2 915), Алматы (2 810), Қарағанды (2 448) және Шығыс Қазақстан (2 354) облысында тіркелген. Осы бес аймаққа ұялы телефон ұрлығының 58% – дан астамы тиесілі. Өзге облыстармен салыстырғанда Маңғыстау (325), Солтүстік Қазақстан (525), Қызылорда (528), Атырау (621) және Түркістан (881) өңірлерінде ұрлау оқиғасы азырақ тіркелген.

Алайда, егер ұрлық статистикасын әр облыста халық санымен салыстырсақ және халықтың жан басына шаққандағы ұрлық коэффициентін есептесе, 100 000 адамға шаққандағы ұрлық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары алда болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу