Жыл басынан бері елімізде 42 адамды пойыз қағып кеткен

367

3 бала зардап шеккен, олардың барлығы өліммен аяқталды. 

Жыл басынан бері елімізде 42 адамды пойыз қағып кеткен Фото: gov.kz

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, пойыздардың шұғыл тежелуінің 930 фактісі тіркелген. Оның ішінде адамдардың болуы себебінен 224 жағдай, теміржол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты 572 факті тіркелді.

"Мәселен өткен демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Аталған фактілер Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдын алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқық бұзғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 5-бөлігі ("Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", Көліктегі полиция департаменті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу