Жыл басынан бері елімізде 47 жекеменшік мектеп ашылды

1236

Жыл соңына дейін тағы осындай 13 жаңа мектеп ашылады деп күтілуде.

Жыл басынан бері елімізде 47 жекеменшік мектеп ашылды

Жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде мемлекет қанша үнемдейді? Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

2018 жылы "Білім туралы" Заңның әкімдіктерге орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру құқығын беру бөлігінде толықтыру енгізілген болатын.

Мемлекеттік тапсырыстың құны мен мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін анықтау бойынша заңға тәуелді актілер қабылданды.

Мемлекет үшін бұл – бюджетке түсетін жүктемені төмендету, орын тапшылығын азайту, білім беру сапасын жақсарту, педагог мәртебесін арттыру. Инвестор үшін бұл – тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес-жоба.

Министрдің айтуынша, таңдап алынған жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісі білім алудың әділ әрі бірыңғай жолын қамтамасыз етеді, таңдау ата-анаға тиесілі болғандықтан, білім беру ұйымына қатысты біржақты таңдауға жол берілмейді.

"Осы шара жүзеге асырылғаннан бері 98 жекеменшік мектепте мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Жыл басынан бері елімізде 47 жекеменшік мектеп ашылып, жылдың соңына дейін тағы осындай 13 жаңа мектеп ашылады деп күтілуде. Тек осы жылдың өзінде ғана жекеменшік мектептердің саны 121-ден 181-ге дейін, яғни, 50%-ға өседі. Нәтижесінде қосымша 18 мыңнан астам оқушы орны ашылады", – деді министр.

Осылайша, тек 1 жылда мемлекет қаражатын шартты үнемдеу 31 млрд теңгеден астам соманы құрамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу