Жыл басынан бері елімізде 846,5 мың тонна ет өндірілді

410

Тоғыз айда 3,04 млн тонна сүт өндірілген.

Жыл басынан бері елімізде 846,5 мың тонна ет өндірілді Фото: kaz.caravan.kz

Қазақстанда 846,5 мың тонна ет өндірілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми деректерге сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша елімізде мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3 трлн 226 млрд теңгеден асты. Ал нақты көлем индексі 103,5% болды. Есепті кезеңде республикада барлық ет түрлерін өндіру көлемі 846,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға жоғары.

"Сиыр еті өндірісі 301,6 мың тоннаға жетті. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 282,3 мың тонна болған. Қой еті өндірісі 88,6 мың тоннадан 91,2 мың тоннаға, жылқы еті 115,3 мың тоннадан 119,9 мың тоннаға дейін өсті. Құс еті өндірісі де қарқынды дамып, былтыр 276,1 мың тонна болса, қазір 277 мың тоннаға жетті", – деп хабарлады АШМ.

Биылғы тоғыз айда елде 3,04 млн тонна сүт өндірілген. Бұл былтырғыға қарағанда 2,1%-ға көп. Жұмыртқа өндірісі 7,4%-ға өсіп, 3 659,8 млн данаға жетті.

Есепті кезеңде ірі қара мал саны 8 778,4 мың басқа (103,4%), қой мен ешкі саны 22 609,5 мың басқа (102,3%), жылқы саны 4 787 мың басқа (107,3%), түйе саны 311,5 мың басқа (104%) жетті. Құс саны 49,2 млн басты құрап, 100,4% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу