Жыл басынан бері елімізде 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды

2023 жылдың I тоқсанында елімізде 2000 астам төтенше жағдай тіркелді, оның 7% жуығы елордада болды. 

Жыл басынан бері елімізде 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды Фото: Tengrinews

Бұл туралы Астанада халықпен кездесуінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.

"Бірінші тоқсанда бір жарым миллионнан астам қоңырау түсті. Министрліктің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге республика бойынша 13 000 астам рет шықты, 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылды және эвакуацияланды, зардап шеккендерге 1000 астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу