Жыл басынан бері елімізде қандай аурулар тіркелмеді?

405

Биыл республикада 25 ауру түрі тіркелмеді.

Жыл басынан бері елімізде қандай аурулар тіркелмеді? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты.

“Жыл басынан бері тұрғындар арасында 25 нозология, оның ішінде тырысқақ, оба, паратифтер, іш сүзегі, туляремия, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, құтырма, безгек, висцералдық лейшманиоз, пастереллез бойынша ауру жағдайлары тіркелмеген. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 39 инфекциялық нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде ботулизм 45%-ға, ротавирустық энтерит 25%-ға, есекжем 9%-ға, сальмонеллез 12%-ға, туберкулез 6%-ға төмендеді”, - деді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер.

Оның сөзінше, қызылша жұқтыру жағдайларының өсуі байқалып отыр.

“Бүгінгі таңда қызылшаның 3 037 жағдайы тіркелді”, - деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу