Жыл басынан бері елімізде қанша тонна балмұздақ сатылды?

494

Биылғы қаңтар-шілде айларында балмұздақ нарығы бір жылда 42,3%-ға ұлғайды. 7 ай ішінде республикада 40,1 мың тонна балмұздақ сатылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 28,2 мың тонна ғана сатылған болатын, деп жазады inbusiness.kz www.energyprom.kz порталына сілтеме жасап.  

 Жыл басынан бері елімізде қанша тонна балмұздақ сатылды? Фото: freepik.com

Ұлттық статистика бюросының ішкі нарықта сатылған балмұздақ туралы деректері әрбір қазақстандық тұтынған өнімнің орташа салмағын есептеуге мүмкіндік береді. Мәселен, осы жылдың жеті айында балмұздақты жан басына шаққанда тұтыну көлемі 2 келіден асқан. Бұл айына 287 грамм немесе 2-3 балмұздаққа тең.

Елдегі тәтті өнім нарығының негізгі бөлігі отандық кәсіпорындарға тиесілі. 2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында балмұздақ сатудың жалпы көлеміндегі оның өндіріс үлесі 80,6% болды. Нарықтың қалған бөлігін импорт алады.

Бұдан басқа елімізде шығарылған балмұздақтың оннан бір бөлігі экспортқа шығарылған. Қазақстанда жасалған тәтті өнімдерді Ресей дүкендерінен ғана емес, Қырғызстан мен Өзбекстанның сауда нүктелерінен де кездестіруге болады.

Отандық дүкендердің тоңазытқыштарында импорттық балмұздақтан ресейлік тауарлар жиі кездеседі. Экспорттаушылар ішінде Ресей Федерациясының алатын үлесі – 54,6%. Импорт көлемі бойынша үштікке Қырғызстан және Түркия кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу