Жыл басынан бері еліміздің Мажарстанмен сауда айналымы 80 млн долларды құрады

1342

Жыл басынан бері еліміздің Мажарстанмен сауда айналымы 80 млн долларды құрады

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сыртқы сауда айналымы шамамен 80 млн долларды құрады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Астанадағы Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында хабарлады.

"Бүгінде Қазақстанда венгр капиталының қатысуымен негізінен құрылыс, сауда және өндіріс секторларындағы шамамен 50 ортақ кәсіпорын сәтті жұмыс істеуде. Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтудің үлкен әлеуеті бар. Әзірге ол толықтай пайдаланылып жатқан жоқ", – деді Т. Жақсылықов.

Вице-министрдің айтуынша, 2015 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 102 млн долларды құрады, ал ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша шамамен 80 млн долларды құрады. Екі елдің табысты ынтымақтастығын нығайту үшін барлық жағдай жасалды. Екі ел арасында стратегиялық кеңес құрылды, экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес, сонымен қатар, 40 млн доллардың ауыл шаруашылық жобаларын қаржыландыратын ортақ қор жұмыс істейді. Экономика саласындағы екіжақты халықаралық құқықтық келісм-шарттық базаның негізгі элементтері қалыптастырылған.

Бизнес форум Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын жалғастырып, оны әрі қарай нығайтуды көздейді. Форум аясында қазақ және мажар кәсіпкерлері арасында дәстүрлі екіжақты кездесулер өткізіледі. Мұнда экономиканың фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика сияқты секторларындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланатын болады.

Primeminister.kz

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу