Жыл басынан бері елімізге 26 мыңға жуық жеңіл автокөлік әкелінген

426

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,2 есеге көп.  

Жыл басынан бері елімізге 26 мыңға жуық жеңіл автокөлік әкелінген Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2023 жылдың 1 тоқсанында Қазақстанға 83 миллиард теңге сомасына КТмС төлей отырып, 25 277 жеңіл автокөлік (14 409 ТД) әкелінген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,2 есеге көп.

2022 жылы Қазақстанға 55 251 жеңіл автокөлік әкелініп, оларға 216 миллиард теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар (КТмС) төленген. 

"Бірақ тәжірибе бойынша, көбінесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ақшасын үнемдеу үшін, тауарлардың кедендік құнын төмендетеді, яғни жалған мәліметтер негізінде кедендік құнды декларациялайды", - дейді МКК өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес әкелінетін тауарлардың (көлік құралдарының) кедендік құны олармен жасалған мәміленің құнын, яғни осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағасын және Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындарды (тасымалдау, сақтандыру) қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу