Жыл басынан бері елордада 45 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

359

Рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. 

Жыл басынан бері елордада 45 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды Фото: gov.kz

Жыл басынан бері Астанада 70-тен астам рұқсат етілмеген полигон анықталып, барлығы дерлік жойылды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сәуір айының басынан бастап бүгінге дейін Алматы ауданынан 6 800 тоннадан астам (963 рейс) қоқыс шығарылды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары бойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық суреттері ұсынылды – 9 учаске (39 нүкте). Қазіргі уақытта 32 нүкте жойылды. Нұра ауданында рұқсат етілмеген полигондардың 21 орны анықталды. Сәуірден шілдеге дейін 8 орын жойылды. Осы орындардан шамамен 4 350 тонна құрылыс қоқысы шығарылды. Осы уақыт ішінде Байқоңыр ауданынан 1500 тоннадан астам қоқыс шығарылды", - делінген хабарламада.

 

Аудан аумағында 3 заңсыз орын жойылды, екеуі бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Ал, Есіл ауданынан 17 500 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

"Осы жылдың басынан бастап Сарыарқа ауданында 17 рұқсат етілмеген полигон анықталды. Оның ішінде бірқатар мекенжайда стихиялық орындар жойылды", - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу