Жыл басынан бері елордада тілсіз жау 7 адамның өмірін қиды

934

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл басынан бері елордада тілсіз жау 7 адамның өмірін қиды

"Елордада осы жылы тіркелген өрт оқиғалары салдарынан 7 адам қайтыс болды. Оның екеуі – бала. 2021 жылдың 8 қаңтарында электр жылытқыш құрылғы сымдарының түйісуі салдарынан өрт туындап, үйлердің біріндегі 2009 және 2016 жылғы екі бала көз жұмған болатын. Ол оқиғада балалар ата-анасының қарауынсыз қалған. Сонымен қатар 11 адам жарақат алып, 361 адам тілсіз жаудан құтқарылды. Ал өрт салдарынан келген материалдық жағдай 10 есе өсіп, 139 млн теңгеге жетті. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде бұл шығын 13 млн теңгені құраған еді", - дейді Қуанар Базарбаев.

Департамент басшысының айтуынша, елордада құрғақ шөптердің де өртену оқиғалары көбейіп кетіпті. Былтыр осы сипатта 206 оқиға тіркелсе, биыл олардың саны 306-ға дейін өскен. Оның үстіне өртенген аумақтың жалпы аумағы былтырғыдан қарағанда 4 есе көп болған.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу