Жыл басынан бері елордада үш мыңға жуық жарнамалық белгілер алынып тасталды

417

Бұл жұмыс қаланың сырт келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатыр. 

Жыл басынан бері елордада үш мыңға жуық жарнамалық белгілер алынып тасталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жыл басынан бері елорданың бес ауданында үш мыңға жуық жарнамалық билборд, маңдайша мен жарнамалар алынып тасталды.

Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады.

Астана тұрғындары мұндай өзгерістер қаланы әдемі әрі заманауи етеді деп санайды.

Айта кетейік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді.

Кәсіпкерлермен тиісті әңгімелер жүргізіледі, дизайн кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу