Жыл басынан бері есірткі айналымына қарсы 100-ге жуық операция өткен

247

Заңсыз айналымнан 790 кг астам есірткі және психотроптық заттар алынды. 

Жыл басынан бері есірткі айналымына қарсы 100-ге жуық операция өткен Фото: ҚР ҰҚК

2024 жылдың басынан бері ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция, оның ішінде 23-і шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен жүргізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арналары, сондай-ақ 16 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылған. 

Заңсыз айналымнан 1.3 тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4.6 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13.6 тонна химиялық реагенттер алынды.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны шамамен 17 миллиард теңгеге бағаланады, ал айналымға жіберілген көлем шамамен 5 миллион бір реттік доза.

ҰҚК деректері бойынша Қазақстанның 54 азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі халықаралық қатынас жолдарында есірткі құралдарын тасымалдаудың 200-ден астам әрекетінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 790 кг астам есірткі және психотроптық заттар алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу