Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 19 кәмелет жасына толмаған жасөспірім ұсталды

213

Осыған байланысты ішкі істер органдары ата-аналарға үндеу жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 19 кәмелет жасына толмаған жасөспірім ұсталды Фото: gov.kz

Кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды. Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес.

"Ақша жұмсауы жиілесе немесе қаражаты көп болса, бұл да алаңдауға тұрарлық мәселе. Өйткені баланы есірткі тұтынуға ғана емес, оны таратуға да тартуы мүмкін.

Егер баланың телефоны мен мессенджерлерінен геолокация көрсетілген суреттер, үй қабырғалары мен бағандардағы штамптарды байқасаңыз, бұл да күмән тудыратын жайт. Себебі онда есірткі жасырылған жерлер көрсетілуі мүмкін. Нөмірлер және түрлі сайттардың сілтемелері жазылған тізімге, изолентаға оралған заттарға да назар салғаныңыз абзал.

Есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік 16 жастан басталатынын естеріңізге саламыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айта кетейік, есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік 16 жастан басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу