Жыл басынан бері iKOMEK109 байланыс орталығына 1 млн астам өтініш келіп түскен

582

Олардың 850 мыңға жуығы-кеңес беру сипатындағы мәселелер, оларды байланыс орталығының әмбебап операторлары бірінші қоңыраудан шешіп берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері iKOMEK109 байланыс орталығына 1 млн астам өтініш келіп түскен

Орталық іске қосылғаннан бері барлығы 8,4 миллионнан астам өтініш қаралды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын көбінесе денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, қаланы электрмен жабдықтау мәселелері қызықтырады. Сондай-ақ өзекті өтініштерге 5 маусымда өткен жалпы республикалық референдум мәселелері жатады, 17 мамырдан бастап 19 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы немесе цифрлық сервистер – телеграмм-бот, мобильді қосымшалар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты арқылы өтініш бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу