Жыл басынан бері қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады?

1265

Осы жылы 2 айда елімізде елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,6%-ға өскен. 

Жыл басынан бері қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады?

2021 жылдың басынан бері елімізде жұмыртқа (11,5%), күнбағыс майы (6,7%), қант (3,3%), қарақұмық (2,5%) тауарлары қымбаттаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,6%-ға өсті. Жұмыртқа (11,5%), күнбағыс майы (6,7%), қант (3,3%), қарақұмық (2,5%) азық-түлік тауарларына баға өсті", деді агенттік төрағасы.

Серік Жұманғарин осы жылдың 2 айында монополияға қарсы орган 2 нан өндірушіге (Ақмола облысындағы "Көкше Нан", "Крамб" компаниялары), 2 күнбағыс майын өндірушіге (Ақтөбе облысындағы "Ақтөбе фудс", Алматыдағы "Зинамаркет" компаниялары), 2 сауда желісіне қатысты 6 тергеу жүргізілгенін атап өтті.

"Бағаны төмендету туралы 13 жұмыртқа өндірушісіне, 7 күнбағыс майының өндірушісіне, 2 қант көтерме жеткізушісіне, 3 қарақұмық жармасы көтермеу жеткізушісіне 25 хабарлама жіберілді. Ол осы тауар позициялары бойынша 2 айда бағаның ең жоғары өсімі байқалды, бағалар 3-тен 11%-ға дейін өскен",– деді төраға.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу