Жыл басынан бері қанша адам жұмыс барысында жарақат алды?

183

Өндірістік жарақат алған азаматтарға әлеуметтік көмек беріледі.  

Жыл басынан бері қанша адам жұмыс барысында жарақат алды? Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жыл басынан бері қанша адам жұмыс барысында жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден еңбек жағдайлары кезінде жарақат алып, адамдардың опат болатын қанша жағдайы тіркелгенін сұрады.

"Жылына орташа алғанда мұндай 1500 жағдай тіркеледі. Биылғы бірінші тамыздағы деректерге сәйкес 809 жұмыскермен байланысты осындай факт болды. Өкінішке қарай, оның ішінде 109 адам қайтыс болды", - деді Сарбасов.

Бірінші вице-министр мұндай оқиғалар кезінде жұмыс берушілердің тарапынан да, сақтандыру компанияларынан және мемлекет атынан да көмек берілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу