Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов мәлім етті.
"Қаржы пирамидаларын анықтау мақсатында кешенді шаралар әзірледік. Бүгіне мұндай ұйымдарды анықтау үшін жасанды интеллект қолданылуда. Пирамида белгілері бар материалдар бұғатталу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолданады. Осындай жұмыс алгоритмі 2022 жылы қаржы пирамидасының белгілері бар 6,5 мың сайт пен аккаунтты бұғаттауға мүмкіндік берді. Ал биыл 3 мыңнан аса сайт пен аккаунт бұғатталды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, мәселен 2020 жылы 600 ғана сайт бұғатталған еді", – деді спикер.