Жыл басынан бері Қазақстанда бұзақылық бойынша 1,5 мың қылмыстық іс тіркелді

264

Полицейлер соңғы кездері бұзақылық пен бөтен адамның мүлкіне зиян келтіру фактілері көбейгенін атап өтті. 

Жыл басынан бері Қазақстанда бұзақылық бойынша 1,5 мың қылмыстық іс тіркелді Фото: polisia.kz

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінсіз бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру фактілері бойынша, 1700-ден астам әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не айрықша арсыздықпен ерекшеленетін ұятсыз әрекеттер жасаумен ұштасатын қоғамға айқын құрметсіздік білдіретін қоғамдық тәртіпті аса батыл бұзу қылмыстық кодекстің 293-ші бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады және екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді", - деп түсіндірді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кениспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу