Жыл басынан бері Қазақстанда іздеуде жүрген 2,5 мыңнан астам қылмыскер ұсталды

445

Сондай-ақ, осы уақыт ішінде Қазақстанға түрлі қылмыстар бойынша 100-ден астам күдікті қылмыстық жауапқа тартылды. 

Жыл басынан бері Қазақстанда іздеуде жүрген 2,5 мыңнан астам қылмыскер ұсталды Фото: polisia.kz

Күдіктілерді іздестіру жұмыстарының тиімділігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстанның Бас қадағалау ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов қылмыскерлерді іздестіру саласында белгілі нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Жыл басынан бері 2552 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 30-ы – адам өлтіру, 81-і –тонау, 15-і – қарақшылық шабуылдар, 384-і – алаяқтық және 82-сі – есірткі қылмысы бойынша айыпталған.

Үйлестірілген қызмет пен халықаралық серіктестермен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде кісі өлтіру, зорлау, қылмыстық топтар ұйымдастырған қаржы пирамидаларын құруға шетелдік юрисдикциялардан 100-ден астам адам қайтарылды.

Сонымен қатар, экстрадициялау туралы келісімдердің жоқтығына қарамастан, 2023 жылы іздеуде жүрген 7 адамды, оның ішінде Германия, Камерун, Польша және Швеция елдерінен қылмыстық жауапқа тарту мүмкін болды. Қазіргі уақытта Аргентина, Бразилия, Германия, Грузия, Испания, БАӘ, Польша, Ресей, Сербия, Түркия, Украина, Франция, Чехия және тағы басқа елдер іздеуде жүргендерді экстрадициялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек, талқылау нәтижесі бойынша, іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік және нормативтік шаралар кешені әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу