Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 515 млрд теңгеге көбейді

1470

2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында 522 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыс түсті. 

Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 515 млрд теңгеге көбейді

2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,6 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты, деп жазды inbusiness.kz.

2021 жылдың наурызымен 2022 жылдың наурызы аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 965,5 млрд теңгеге немесе 7,7%, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 515,1 млрд теңгеге немесе 3,9%-ға ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 13,2 трлн теңге (соңғы 12 айда өсім 7,3%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 385,5 млрд теңгені (өсім 22,5%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,8 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың екі айында БЖЗҚ салымшылары былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2022 жылдың 1 наурызына қарай, салымшылардың шоттарына шамамен 245,6 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (54,1 млрд теңге немесе 28%) артық. Жарналардың жалпы көлемінің 94,6% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 232,3 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім 28%), МКЗЖ бойынша 13,2 млрд теңге (өсім 33%) түсіп, ЕЗЖ бойынша 180 млн теңге (өсім 73%) аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында 522 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында зейнетақы жинақтары айтарлықтай өсті, бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе немесе 304 млрд теңгеге артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 2022 жылдың басынан бастап инфляция 1,5% болғанда кірістілік 4,0%-ға жетті. Бұл ретте соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде инфляция 8,7% болғанда кірістілік 13,65%-ды көрсетті.

2022 жылдың 1 наурызына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 868 109 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 556 918 бірлік, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 66 279 бірлік.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 319,3 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 280,2 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 16,5 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 10,2 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 7,6 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 3,5 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 0,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,4 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 302 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу