Жыл басынан бері Қазақстанға 400 мыңнан аса ресейлік келген

Оның 320 мың-нан астамы кетіп, елде 100 мыңға жуығы қалған. 

Жыл басынан бері Қазақстанға 400 мыңнан аса ресейлік келген Фото: nur.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтты. 

"Жыл басынан бері Қазақстанға 400 мыңнан аса ресейлік келсе, 320 мың-нан астамы кеткен. Елімізде әлі 100 мыңға жуық ресейлік тұрып жатыр ", – деді министр.

Оның сөзінше бұдан бөлек, Ресейден бұрынан келіп, жұмыс істеп жатқан еңбек мигранттары да бар. 

"Ал егер еңбек мигранттары туралы айтатын болсақ, онда өткен жылдарды қоса есептегенде Қазақстанда 22 мың адам жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлеп жатыр", – деді Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу