Жыл басынан бері Қазақстанға қанша шетелдік келді?

Бұл туралы онлайн брифингте ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Аталықов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша шетелдік келді?

"Жалпы, биылғы жыл көші-қон саласы үшін де ерекше екенін атап өткім келеді. Екі жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да коронавирустық індеттің салдарынан көші-қон процестері тежелді. Ал Қазақстандағы эмиграция мен иммиграцияның статистикасы 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап есептеледі", — деді Аслан Аталықов.

Спикер бұл күні Қазақстан карантиндік шектеулерді жеңілдетіп, Мемлекеттік шекараның құрлықтағы өткізу пункттерін кесіп өту мүмкіндігін ашқанын айтты.

"Содан бастап көші-қон үрдісі – елге кіру де, шығу да өсе бастады. Нәтижесінде жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келді", – деді спикер.

Бұл ретте ол жыл басынан бері Қазақстанға қанша шетел азаматы және қай елдерден келгенін нақтылады:

-         Ресейден - 1 млн 700 мың (39%);

-         Өзбекстаннан 1,5 млн-нан астам (34%);

-         Қырғызстаннан – 547 мың адам;

-         Тәжікстаннан 200 мыңнан астам адам;

-         Беларусь – 53 мың;

-         Түркия – 68 мың;

-         Германия – 43 мың.

Осы уақыт ішінде Қазақстаннан 4 млн 155 мың шетелдік кетті:

-         Ресей Федерациясының 1 млн 666 мың азаматы;

-         Өзбекстанның 1 млн 370 мың азаматы;

-         Қырғызстанның 540 мың азаматы;

-         Тәжікстанның 200 мыңнан астам азаматы бар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу