Жыл басынан бері Қазақстаннан ТМД елдеріне 25 мыңнан аса адам көшкен

1710

Жыл басынан бері Қазақстаннан ТМД елдеріне 25 мыңнан аса адам көшкен

Биыл жыл басынан бері Қазақстаннан ТМД елдеріне өмір сүру үшін 25 мыңнан астам адам көшкен. Халықтың ең көп көшіп кетуі Қарағанды облысында тіркелген, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің мәліметінше, осы жылдың 9 айында Қазақстаннан 28 мыңнан астам қазақстандық шетелге аттанған.  

Қазақстан Республикасынан 2017 жылы 9 айда 28 150 адам шетелге шыққан, оның ішінде орыстар – 20 464, немістер – 2 331, украиндар – 1 839, қазақтар – 1 043 және татарлар – 697.

Қарағанды облысынан – 4 775, ШҚО-дан – 3 878, Қостанайдан – 3 680, Павлодардан– 3 196, Алматы облысынан – 2 745, СҚО-дан – 2 537, ал Ақмола облысынан – 2 141 адам көшіп кеткен.

Елден көшкен адамдардың көбі жақын шетелдерге қоныс аударған. Нақтырақ айтар болсақ, ТМД елдеріне – 25 290 адам (89,8%), алыс шетелдерге 2 860 адам (10,2%) кеткен. Қоныс аударғандардың негізгі бөлігі сол елдерді тұрғылықты жер ретінде таңдаған.

Комитет берген ақпарат бойынша, шетелге кеткендердің 68%-ы - еңбекке жарамды тұрғындар, 25,7% – 15 жасқа дейінгі тұрғындар, 6,3% – зейнеткерлер.

"Елден шығып кеткен мигранттардың ішінде 4 816 адамның техникалық білімі болса, 2 672 адамның – экономикалық, 1 745 адамның – педагогикалық, 788 адамның – медициналық, 647 адамның – заң білімі, 538 адамның сәулеттік-құрылыстық білімі бар", - деп хабарлады ведомство.

ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары сыртқы миграция  анағұрлым аз болған.

1991-2003 жылдар аралығында орта есеппен жылына 225,5 мың адам елден көшкен. 2004 жылдан 2011 жылға дейін көші-қон айырмасы орнықты болған (жылына 11,7 мың адамға артқан). 2012 жылдан бастап ол көрсеткіш төмендеген (1426 адам). 2016 жылы көшіп келушілер саны көшіп кеткендер санынан асып, айырмашылығы 21 144 адамға азайған. 2016 жылы 2012 жылмен салыстырғанда эмигранттар саны 17,4%-ға өсті, сонымен қатар олардың кету көрсеткішінің ұлғаюы байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу