Биылғы 10 айда Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3%-ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18%-ға өсті.
"Құрық паром кешені арқылы жүк автокөлік құралдарын өңдеуде 22%-ға өсу байқалады. Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда, "Шығыс-Батыс" транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84%-ға ұлғайған", – деп жазды министрліктен.
Сондай-ақ, биыл Құрық портының "Саржа" терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді.
Айта кетейік, биыл қазан айында Құрық портында жылына қуаты 1 млн тоннаны құрайтын тағы бір астық терминалы қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Құрық портының базасында толыққанды логистикалық кластер құру жұмысы белсенді жүріп жатыр.