Жыл басынан бері көліктегі полицейлер 36 рет терроризм актісі туралы жалған хабарлама алған

 Соңғы жылдары адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде әуежайлар мен теміржол нысандарында жарылғыш заттар қойылғаны туралы жалған хабарламалар тарату деректері жиіледі. 

Жыл басынан бері көліктегі полицейлер 36 рет терроризм актісі туралы жалған хабарлама алған Фото: mk-kz.kz

"Мәселен, осы жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде терроризм актісі туралы жалған хабарлау бойынша 36 факті тіркелді. Тексеру барысында қылмыс жасағаны үшін 12 адам анықталып, ұсталды. Оның екеуі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды", – деді Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов.

Оның айтуынша, биыл тамызда “Астана – Анталья” бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде елорданың 44 жастағы тұрғыны алкогольдік масаң күйінде ұшақтың бортында бомба бар деп бірнеше рет айқайлаған. Соның салдарынан рейстің ұшуы кешіктіріліп, жолаушылар эвакуацияланды. Жүргізілген іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу