Алмалы ауданында коммуналдық қызметтер 215 апатты тіркеді

479

Электр желілерінің 81%-ы тозған.

Алмалы ауданында коммуналдық қызметтер  215 апатты тіркеді Фото: inbusiness.kz

Қыркүйек айының соңына дейін Алмалы ауданында 4 подстанция қайта жаңартылып, 8,5 км электр желілері жаңғыртылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында мәлімдеді. Қала басшысы электрмен жабдықтау мәселесі Алмалы ауданының тұрғындары үшін басты мәселелердің бірі екенін атап өтті. Биыл жыл басынан бері коммуналдық қызметтер 215 апатты тіркеді. Бұл ретте электр желілерінің 81%-ы- тозған.

Бұл мәселені шешу үшін биыл жыл басынан бері "Алатау жарық компаниясы" АҚ компаниясы 17 қосалқы станцияны модернизациялау және 41,5 км тозған электр кабель желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, "Жібек Жолы" жаяу жүргіншілер көшелеріне кабель төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл 17 қыркүйекке дейін аяқталады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар Алмалы ауданындағы электр желілерінің жұмысын тұрақтандырып қана қоймай, резервтік қуаттылықты 6-дан 10 кВт-қа дейін арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу