Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 233 адам анықталды

369

Көші-қон заңнасын бұзған 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 233 адам анықталды Фото: aikyn.kz

Жыл басынан шетелдіктер мен қазақстандықтардың жасанды және өзге адамның құжатын пайдалануының 150 фактісі әшкереленді. Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды, деп жазады inbusiness.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек шекарашылар жалпы сомасы 2,5 млрд құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алдын алды.

"Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды. ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу