Жыл басынан бері Қостанай облысында 123 пәтер пайдалануға берілді

469

Қостанай облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы байқалады, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жыл басынан бері Қостанай облысында 123 пәтер пайдалануға берілді Фото: gov.kz

Ақпаратқа сәйкес, қаңтар айындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қостанай облысы республикадағы өңірлер арасында бірінші орында тұр.

"Мысалы, өңдеу өнеркәсібінде 5,0%-дан астам өсім байқалады. Өсім негізінен машина жасау өндірісін 21,2%-ға, тамақ өнімдерін 14,5%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл аудандары мен Қостанай және Арқалық қалаларында өндірістің айтарлықтай өсуі қамтамасыз етілді. Облыс бойынша инвестициялар көлемі ұлғайып, өңір экономикасына 35,0 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, 8,0%-дан астам өсім байқалды. Болашақта 2,8 трлн астам сомаға 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын қамтитын 61 жоба қалыптастырылды", - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, инвестициялардың 90%-дан астамы жеке инвестициялар болғандықтан, өңір кәсіпорындарымен инвестиция салу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қаңтар айында 77,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артық. 

Жыл басынан бері 123 пәтер пайдалануға берілді. Олардың негізгі бөлігі Қостанай, Рудный және Қостанай аудандарына тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу